
Көкшетау қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өтетін «Жас Барыс» республикалық турниріне арналған облыстық іріктеу сайыстары ұйымдастырылды.
Аталған жарыста біздің спортшыларымыз үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Кирилл Шестернин — салмақ дәрежесі 90 кг, II - орын;
Андрей Алексеев және Константин Бочегов — салмақ дәрежесі 82 кг, III – орындарға иеленді.
Жас спортшыларымызды және олардың жаттықтырушысы А.А.Шарыповты табысты өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да спорттық жолдарында биік белестер мен жаңа жеңістерге жете берулеріне, сондай-ақ зор денсаулық пен табыс тілейміз!