Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған тегін заңгерлік көмек

Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған тегін заңгерлік көмек

Аудандық орталық кітапханада «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде тегін заңгерлік кеңес өткізілді.

Іс-шара Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының ұйымдастыруымен халыққа құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын ілгерілету мақсатында өткізілді.

Кеңеске қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына білікті құқықтық көмек пен толық жауаптар алынды.