
2025 жылдың 5 қарашасынан 31 желтоқсанына дейін Ақмола облысы Сандықтау ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде электронды кезек талондарын алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
Жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен іске асырылады және азаматтарға қызмет көрсетудің қолайлылығы мен сапасын арттыруға бағытталған.
Енді Сандықтау ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет алу үшін азаматтарға «ХҚКО» мобильдік қосымшасы арқылы немесе электрондық үкімет порталында кезекке тұру қажет. Күні мен уақытын таңдағаннан кейін өтініш беруші 1414 байланыс орталығынан броньды растайтын SMS-хабарлама алады.
Бұдан басқа, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы алдын ала брондау қажеттілігінсіз бұрынғы тәртіппен жүзеге асырылады.
Пилоттық жоба жаңа қызметтің ыңғайлылығы мен практикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, ал нәтижелер оң болса, оны еліміздің басқа аймақтарына да кеңейту мүмкіндігі қарастырылады.