Азаматтық жауапкершіліктің үлгісі ретінде сенбілік өтті

Азаматтық жауапкершіліктің үлгісі ретінде сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мемлекеттік қызметшілер сенбілікке белсене қатысты.

Акция барысында бордюрлар мен қоршаулар әктеліп, ағаштардың қураған бұтақтары жиналды, сондай-ақ аумақтар абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне азаматтардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Барша тұрғындарды белсенділік танытып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамыз!