Әскери-кросс – 2025: Отанға адалдық, күш-жігер және төзімділік

Әскери-кросс – 2025: Отанға адалдық, күш-жігер және төзімділік

«Жас дәурен» балалардың жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру лагерінің базасында «Әскери-кросс – 2025» өтті.

Жарыс облыстық «Намыс» спартакиадасы (жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында) және «Жігер» спартакиадасы (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында) аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара Республика күніне орайластырылып, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, әскери-арнаулы дағдыларды дамытуға, дене дайындығын арттыруға және Отан қорғауға дайындықты қалыптастыруға бағытталды.

Жарысқа Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері мен ТиПО ұйымдарының командалары қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті, бірлік, төзімділік және жеңіске ұмтылысын танытып, әскери трассаның қиын сынақтарынан өтті.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.