
Халықтық хореографиялық «Реверанс» ансамблі Алматы қаласында өткен республикалық «Little Star’s» байқауына қатысты. Бұл байқау елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды да жарқын ұжымдарды біріктіріп, жоғары деңгейдегі бәсекелестікпен ерекшеленді.
Соған қарамастан, «Реверанс» ансамблі тамаша өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін, көркемдік қабілетін және ұйымшылдығын жоғары деңгейде дәлелдеді.
🔹️Байқау қорытындысы бойынша ұжым екі бірдей 1-орынды жеңіп алып, үздік хореографиялық ансамбльдердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жеңіс — шығармашылыққа деген құлшыныстың, тынымсыз еңбектің және биге деген махаббаттың жемісі.
🎉Ансамбль жетекшісі Антон Швецовты және «Реверанс» тобының қатысушыларын кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!