
Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Құтқарушы күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ерлік пен жанқиярлықтың, сондай-ақ жоғары азаматтық борыштың символы. Сіздер күнделікті өз кәсібиліктеріңізді, сабырлықтарыңызды және қиын жағдайда көмек көрсетуге әрдайым дайын екендіктеріңізді көрсете отырып, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде абыроймен қызмет атқарып келесіздер.
Осы салада тер төккен ардагерлерге – жас ұрпаққа баға жетпес тәжірибесін үйретіп, берік дәстүр қалыптастырғаны үшін – ерекше алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, бейбіт өмір және ел игілігі жолындағы мәртебелі қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!
Ізгі тілекпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.