Балкашино ауылында көшпелі азаматтарды қабылдау

Балкашино ауылында көшпелі азаматтарды қабылдау

Көшпелі азаматтарды қабылдау аясында аудан әкімі Серік Құдабай Балкашино ауылының тұрғындары Асия Кузьмина мен Қалау Жандарбековаға барды.

Тұрғын үйлерді орталық жылыту жүйесіне қосу мәселесі бұл кездесуге себеп болды. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғын үйлердің қазіргі жағдайымен танысып, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Диалог барысында жеке тұрғын үйлерді орталық жылыту жүйесіне қосуға қатысты жалпы мәселелермен қатар, жеке сектор тұрғындарының кездесіп отырған нақты қиындықтары да талқыланды.

Көтерілген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді.