Табиғатқа жауапкершілікпен қараудың үлгісі

Табиғатқа жауапкершілікпен қараудың үлгісі

Сандықтау ауданында экологиялық жағдайды жақсартуға және тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда.

Акция аясында аумақты тазарту жұмыстары жүргізіліп, шырша көшеттері отырғызылды. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қоршаған ортаға және абаттандыру ісіне жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісін көрсетіп, өз үлестерін қосты.

Жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлердің тұрғындарын белсенділік танытуға шақырамыз!

Үйлеріңіздің айналасындағы тазалық пен тәртіпке көңіл бөліңіздер!

Таза аудан — әр ауладан, әр адамнан басталады!

Бұл — Сіздің аумағыңыз, Сіздің жауапкершілігіңіз және Сіздің келбетіңіз!