Сандықтау ауданы әкімінің атынан аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова тыл ардагері Шишкова Ирина Ивановнаны 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Өзінің құттықтау сөзінде Сәуле Жайылғанова Ирина Ивановнаның ауданның дамуына қосқан елеулі үлесі, өмірлік табандылығы мен көпжылдық адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдірді. Ол сондай-ақ, Ирина Ивановна сынды жандардың арқасында ұрпақтар сабақтастығы, туған жерге деген сүйіспеншілік пен еңбекке деген құрмет сақталып келе жатқанын атап өтті.
Мерейтой иесіне шын жүректен зор денсаулық, жан жылуы, жақындарының қамқорлығы мен ұзақ ғұмыр тіледі.
Сонымен қатар, мерейтой иесін құттықтауға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрайымы Бақыт Сейтжанова да келіп, Ирина Ивановнаның аудан алдындағы еңбектерін атап өтіп, оның өмірлік белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.
Шишкова Ирина Ивановна еңбек жолына 40 жылдан астам уақытын арнаған, соның ішінде ауданның ауыл шаруашылығы басқармасында экономика бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Оның кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен мақсаткерлігі әріптестерінің құрметіне және аудан тұрғындарының ризашылығына ие болды.