Сандықтау ауданында Армрестлингтен Ақмола облысының чемпионаты өтті

Сандықтау ауданында Армрестлингтен Ақмола облысының чемпионаты өтті

Балкашино ауылындағы «Болашақ» спорттық-сауықтыру кешенінің базасында қол күресінен Ақмола облысының чемпионаты өтті. Жарысқа 4 команда қатысып, жалпы қатысушылар саны 80 адамды құрады.

Жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-орын Көкшетау қаласының командасы

2-орын Степногорск қаласының командасы

3-орын Зеренді ауданының командасы

Чемпионатта №1 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ерекше көзге түсті:

  • Копытин Дмитрий, 3-сынып оқушысы — 36 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орын
  • Назаров Данил, 10«Б» сынып оқушысы — 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2-орын
  • Иванов Антон, 11«А» сынып оқушысы — 80 кг жоғары салмақ дәрежесінде 2-орын

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!