Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай дербес бөлім басшыларымен кеңес өткізді.
Кеңес барысында көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ағаш отырғызу және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ жылыту маусымының өту барысы, атап айтқанда, жылу беру үдерісінің үзіліссіз қамтамасыз етілуі, қазандықтардың ақаусыз жұмыс істеуі және алдағы суық мезгілге дайындық мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі қаралды. Бұдан бөлек, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тақырыбы да көтерілді. Аудан әкімі ЖШС басшыларын елді мекендерді абаттандыру және қоғамдық өмірге белсене қатысуға шақырды.
Басым бағыттардың қатарында ауданның дамуына бағытталған инвестиция тарту және жаңа жобаларды іске асыру мәселелері де бар.