Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сандықтау ауданында сенбілік ұйымдастырылып, оның барысында қатысушылар ағаш көшеттерін отырғызып, аумақты көгалдандыру мен абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Іс-шараға бөлім басшылары, жаттықтырушылар, ауданның үздік спортшылары және туған табиғатты аялауға, экологиялық бастамаларды қолдауға дайын жастар белсене қатысты.
Акцияны қолдап, көшеттермен қамтамасыз еткені үшін «Сандықтау орман шаруашылығы» КММ басшысы Серік Ғалиевке шынайы алғысымызды білдіреміз.