«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сандықтау ауданында ауқымды сенбілік өтті.
Оған мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдарының өкілдері және жастар белсене қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамның назарын экологиялық жауапкершілік мәселелеріне аудару және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру болды.
Мұндай бастамалар елді мекендеріміздің санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге ықпал етеді.
Аудан тұрғындарын экологиялық акцияларға белсенді қатысып, бірге таза да жайлы өмір сүру ортасын құруға шақырамыз.
Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық!