️Бүгін Сандықтау ауданының әкімі С.Құдабайдың төрағалығымен Ақсоран ауылдық округінде туризмді дамыту мәселелері бойынша бөлімдер мен ұйым өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында аумақтың туристік әлеуетін пайдалану перспективалары талқыланып, жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлімшелерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.