Сіздерді шын жүректен тамаша мереке – Отбасы күнімен құттықтаймын!
Отбасы – адам өмірінің негізі, махаббаттың, татулық пен қолдаудың қайнары. Дәл отбасында рухани құндылықтар қалыптасады, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, дәстүр мен Отанға деген сүйіспеншілік бойға сіңеді.
Әр шаңырақта бейбітшілік, өзара түсіністік пен береке орнасын. Отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт, молшылық пен ынтымақ тілеймін, ал балаларға шаттыққа толы жарқын болашақ бұйырсын!
Отбасы күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Сандықтау ауданының әкімі Құдабай С.К.