Сессияда Сандықтау аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «2025-2027 жылдарға арналған Сандықтау ауданының ауылдық округтерінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер бекітілді.
Сандықтау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері бекітілді.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.