Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жұмыс сапарымен Жамбыл ауылдық округіне барды

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жұмыс сапарымен Жамбыл ауылдық округіне барды

Бүгін Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жұмыс сапарымен Жамбыл ауылдық округіне барды. Сапар барысында ол «Агро Lake» ЖШС-нің басшысымен кездесіп, орақ науқаны мәселелерін және шаруашылықтың маусымды аяқтауға дайындығын талқылады.

Мехток алаңында ол салынып жатқан таразыны және биылғы жиналған жасымық сақталатын қоймаларды қарап шықты, сондай-ақ қазіргі уақытта сүдігер жырту жұмыстары жүргізіліп жатқан алқаптарды аралады.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында әкім халыққа арналып салынып жатқан кешенмен танысты. Онда шағын наубайхана мен асхана ашу жоспарлануда. Бұл тұрғындарды жаңа өніммен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.