Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Ақмола облысының прокуроры Руфат Куттуковтың бастамасымен ұйымдастырылған Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыста 2025 жылдың жеті айында тіркелген жол-көлік оқиғаларының себептеріне талдау жүргізу мәселесі қаралып, жол-көлік апаттарының санын азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.
Кеңеске қатысушылар жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, алдын алу жұмыстарын күшейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту қажеттілігіне назар аударды. Отырыстың қорытындысы бойынша өңір жолдарындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.