«Балкашино ауылында қазандық пен жылу желілерін салу және қайта жаңарту» жобасын іске асыру аясында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС өкілімен және ұйым басшыларымен кеңес өткізді.
Кездесу барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы мен бекітілген кестелердің сақталуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Кеңеске қатысушылар анықталған ескертулерді талқылап, оларды жедел түрде жою бойынша шараларды белгіледі.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты орындаушыларға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімдерін айқындады.