Каменкада "Заң және тәртіп" акциясы аясында көшпелі кездесу өтті

Каменкада "Заң және тәртіп" акциясы аясында көшпелі кездесу өтті

Сандықтау ауданына қарасты Каменка ауылында «Заң және тәртіп» акциясы аясында тұрғындармен көшпелі кездесу өтті. Іс-шараға әкімдік, прокуратура, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ дербес бөлім басшылары қатысты.

Ашық диалог барысында ауыл тұрғындары үшін өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, су құбыры құрылыс сапасына қатысты ескертулер мен Шенсов көпірін жөндеу, жыл сайын арнасынан шығатын Сарқырама өзенінде түбін тереңдету және жағалауды бекіту жұмыстарының жүргізілуі мәселелері көтерілді. Тұрғындар түнгі уақытта мотоцикл жүргізушілерінің шуына алаңдаушылық білдіріп, жолдарды жөндеу және қиыршық тас төсеу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, көше шамдарының орнатылуы және дәрігерлік амбулаторияның құрылысы мәселелері де қозғалды.

Мемлекеттік орган өкілдері көтерілген әрбір мәселе бойынша толық әрі нақты түсініктемелер берді.