Бірлік ауылдық округіне жұмыс сапары барысында аудан әкімі Серік Құдабай ауылға кіреберісте шаруашылық тәсілмен жүргізіліп жатқан су өткізу құрылғысының жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аталған нысан, әсіресе тасқын кезеңінде, жол қатынасының қауіпсіздігін және судың бұрылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ аудан әкімі Красная Поляна ауылындағы сорғы және су қабылдау станциясының құрылыс алаңына барды. Жобаның мердігері – «Ақмешіт Форте Мелиоратор» ЖШС болып табылады.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Петриковка және Красная Поляна ауылдарында екі су мұнарасы орнатылды, сорғы станциясы мен қызмет көрсетуші персоналға арналған ғимараттардың құрылысы аяқталды.
Топтық су құбырының құрылысын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.