Сандықтау ауданы әкімдігінде Ақмола облыстық қоғамдық бірлестігінің экологиялық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ұмар Шоназаров, Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай, аудандық мәслихаттың төрайымы Гүлнар Мұстафина, «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрайымы Майя Аркенова, «Маралды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ-нің басшысы Ербол Бектұров, «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» РММ-нің басшысы Серік Ғалиев және бөлім басшылары қатысты.
Отырыста Жабай өзенінің арнасында жүргізіліп жатқан жағалауды бекіту және түбін тереңдету жұмыстары, сондай-ақ Сандықтау ауданының орман алқабын сақтау бойынша алдын алу шаралары мен экологиялық ахуал талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғау саласында мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.