Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жұмыс сапары аясында Бірлік ауылдық округіне барып, Красная Поляна ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу барысымен танысты.
Қазіргі уақытта нысанда іргелес аумақты абаттандыру, сыртқы кәріз жүйесін тарту, қабырғаларды сылау (левкас) және жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарын «Нұр-XXI» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асыруда. Нысанды пайдалануға беру тамыз айының соңына жоспарланған. Бұл мектептің жаңа оқу жылының басында оқушылар үшін есігін ашуына мүмкіндік береді.