Аудан әкімі Серік Құдабай абаттандыру жұмыстары аясында Каменское, Белгородское, Васильевское және Широковское ауылдық округтеріне көшпелі жұмыс сапарын жүргізді.
Автомобиль жолдарының жағдайына, атап айтқанда, жолдарды тегістеу мен жүріс бөлігін жақсарту жұмыстарына ерекше назар аударылды. Бұл бағытта Белгородское ауылдық округі жүйелі және сапалы жүргізіліп жатқан жол төсеу жұмыстарымен оң үлгі ретінде атап өтілді.
Аудан әкімі жергілікті жерлерде абаттандыру жұмыстарын белсенді түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Ауылдық округтердің әкімдеріне арам шөптерді шабу, тұрмыстық қоқыстарды жинау, сондай-ақ автомобиль жолдарындағы шұңқырларды уақытылы тегістеу бойынша шараларды күшейту тапсырылды.