Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Каменка ауылындағы Шенсов көпіріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Ақмола облыстық филиалының өкілімен көшпелі кездесу өткізді.
Нысанды аралау барысында мамандар көпірдің техникалық жай-күйіне алдын ала баға беріп, қалпына келтірудің мүмкін жолдарын талқылады және алдағы іс-қимыл жоспарын айқындады. Негізгі назар көпірді жаңғырту мен қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз ету қажеттігіне аударылды.
Шенсов көпірі ауданның көлік инфрақұрылымында маңызды рөл атқарады. Ол бірнеше ауылдық елді мекендерді өзара байланыстырып тұр. Жөндеу жұмыстары жол қатынасын жақсартып, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.