Жазға жолдама: жаңа әсерлерге бастар жол

Жазға жолдама: жаңа әсерлерге бастар жол

«Жазғы жолдама» жобасы аясында ауданымыздың мектеп оқушылары Зеренді ауданы аумағында орналасқан «Сұңқар» балаларды сауықтыру орталығына жіберілді. Бұл көптен күткен сапар балаларға жағымды эмоциялар, жаңа достар мен ұмытылмас әсерлер сыйлайды.

Сапар алдындағы дайындық барысында қатысушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, лагерьдегі тәртіп пен мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Балаларға көңілді, белсенді әрі қауіпсіз демалыс тіленді.