Жабай өзеніндегі жобаның мониторингі

Жабай өзеніндегі жобаның мониторингі

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Балкашино ауылының тұрғыны Валерий Васильевич Юриннің өтінішіне сәйкес Жабай өзенінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында мердігер ұйым – «Целингидротех» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында жобаны іске асыру кезеңдері талқыланып, өзекті міндеттер мен алдағы жоспарлар айқындалды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударылды.