Сандықтау ауданы бойынша СЭК басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Сандықтау ауданы бойынша СЭК басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Ағымдағы жылдың 25- шілдесінде Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов Сандықтау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңа басшысы Оралбай Қабдолаевты таныстырды.

Кездесу барысында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жауапты қызметіне тағайындалуымен құттықтап, ауданның санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ету жолында жемісті табыс тіледі.