Баскетболдан облыстық спартакиада өтті

Баскетболдан облыстық спартакиада өтті

Ерлер арасында баскетболдан "Ақ бидай" облыстық спартакиадасы аясында Сандықтау ауданының командасы құрметті 2 орынға ие болды. Жарыс Щучинск қаласында өтті, облыс бойынша 20 команда қатысты.

Қызу күресте біздің спортшылар спартакиада чемпионы атанған Көкшетау қаласынын командасынан ғана артта қалды. Үшінші орынды Степногорск командасы иеленді.

Баскетболшылар мен команда жаттықтырушыларын шын жүректен тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Осымен тоқтап қалмай, сенімді түрде алға жылжып, жаңа спорттық шыңдарды бағындыруды тілейміз!