
Ішкі істер органдары жүйесінде кадрлардың кәсіби жағдайын тиімді пайдалану мақсатында қызметтің үш жылы өткеннен кейін басшы қызметкерлерді жоспарлы ротациялау жүргізілуде.
Осы ротация аясында Ақмола облысы полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев аудан активіне және жеке құрамға Сандықтау ауданы полиция бөлімінің жаңа бастығы, полиция полковнигін Мейрам Жапбасовты таныстырды.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Омаров Сандықтау ауданы әкімінің атынан Сәкен Әбілмәжіновке адал қызметі, жоғары кәсібилігі және аудандағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.