Қайрат Жылқыбаев Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қайрат Жылқыбаев Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Сандықтау ауданы әкімінің өкіміне сәйкес Қайрат Қазезтайұлы Жылқыбаев аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қ. Қ. Жылқыбаев Зеренді ауданы Қошқарбай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Зеренді автокөлік кәсіпорнында бастады, содан кейін Көкшетау автокөлік полициясында (АПС) жалғастырды.

Жұмыс істеген жылдары бірқатар жауапты лауазымдарды атқарды, соның ішінде:

Көкшетау қаласы әкімдігінің өнеркәсіп, көлік және байланыс секторының бас маманы;

«Арай-Сервис» фирмасының маманы (Көкшетау қ.);

Жер ресурстарын басқару жөніндегі қалалық комитеттің төрағасы және бас маманы (Көкшетау қ.);

сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының орынбасары және бас маманы (Көкшетау қ.);

жер қатынастары бөлімінің бастығы (Көкшетау қ.);

«Көкшетаустрой-2006» ЖШС басшысының орынбасары;

ҚР Президентінің УД жанындағы «Бурабай» МҰТП ақпарат, ғылым және экомониторинг бөлімінің бастығы (Щучинск қ.).

Әр жылдары Целиноград, Бурабай, Сандықтау аудандары әкімінің орынбасары, сондай-ақ Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, осы тағайындауға дейін Жарқайың және Есіл аудандарының статистика басқармасын басқарды.