
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай 2025 жылғы 13 шілдеде өткен сайлауда жеңіске жеткен жаңадан сайланған әкімдерді Каменское және Бірлік ауылдық округтерінің активтеріне таныстырды.
Сайлау қорытындысы бойынша Каменское ауылдық округінің әкімі болып Еділ Смағұлов, ал Бірлік ауылдық округінің әкімі болып Қанат Сенғырбаев сайланды.
Аудан әкімі жаңа басшыларды сайлаудағы жеңістерімен құттықтап, жұмыстардың басым бағыттарын белгіледі.