Қайрат Омаров көппәтерлі үй құрылысының барысын тексерді

Қайрат Омаров көппәтерлі үй құрылысының барысын тексерді

Сандықтау ауданы әкімінің м.а. Қайрат Омаров Балкашино ауылында 16 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Қазіргі уақытта объектіде аумақты абаттандыру, электр желілерін монтаждау, сондай-ақ үй-жайларды ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру нәтижелері бойынша Қайрат Омаров жүргізілетін жұмыстардың белгіленген мерзімдері мен сапасын сақтау қажеттігін атап өтті. Жауапты тұлғаларға құрылыс қарқынын жеделдету және объектіні белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.