Бұқаралық спортты дамыту және оқушылар арасында хоккейді танымал ету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК Максимовка ауылындағы мектептің меншігіне хоккей жабдықтарының 10 толық жиынтығын- коньки, шлем және қорғаныс құралдарын берді.
Бұл үлес Қазақстан хоккей федерациясы мен Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы арасында жасалған келісімнің арқасында мүмкін болды. Бірлескен күш-жігер спортпен белсенді айналысу үшін жағдай жасауға және өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.