Бүгін Сандықтау ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сенаторы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов келді.
Сапар аясында сенатор «Жас Дәурен» жыл бойы балалар лагеріне, Балкашин ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына барып, сондай-ақ Жабай өзені арнасында жүргізіліп жатқан жағалауды нығайту және түбін тереңдету жобасының учаскесін қарап шықты. Сонымен қатар Каменск ауылындағы «Шенсов көпірі» нысанының жағдайымен, отбасылық дәрігерлік амбулатория мен Агротехникалық колледждің қызметімен танысты.
Сапар барысында өңірдің әлеуметтік дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, инфрақұрылымды жақсарту және білім беру, денсаулық сақтау мен жастар саясат салаларындағы қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Мәлелерді шешуде биліктің барлық деңгейлерінің тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтіліп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екені білдірілді.