Жазғы кезеңде шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бойынша жедел кеңес

Жазғы кезеңде шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бойынша жедел кеңес

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабайдың төрағалығымен жазғы шомылу маусымының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел кеңес өтті. Кеңес жұмысына аудандық қызметтер мен ведомстволардың басшылары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: ▪️ Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары; ▪️ Балаларға арналған рұқсат етілген шомылу орындарын ұйымдастыру; ▪️ Рұқсат етілмеген жерлерде орын алуы мүмкін қайғылы оқиғалардың алдын алу; ▪️ Ақпараттық тақтайшаларды орнату және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданып, тиісті органдар мен қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.