Максимовка ауылында инженерлік қорғаудың кешенді жоспарын орындау бойынша көшпелі кеңес өтті.
Кеңес барысында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық, сондай-ақ су тасқынына қарсы жұмыстар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау мәселесі қаралды. Ықтимал су тасқыны аймағында орналасқан елді мекендерді су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу шараларының кешенін іске асыруға ерекше назар аударылды.
Аудан әкімі 2026 жылдың көктемінде су басу қаупі төнген елді мекендерді инженерлік қорғаудың кешенді жоспарын іске асыруды тапсырды. Сондай-ақ, қорғаныс біліктерін салуды жеделдету тапсырылды.