Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Аманат» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысына қатысты.
Отырыс барысында атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды, ағымдағы нәтижелер талқыланды және одан әрі қызметтің негізгі бағыттары белгіленді. Бағдарламалық міндеттемелерді орындаудың тиімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша сайлау алдындағы бағдарламада қойылған міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.