Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Артисан» ЖШС басшысы Азамат Елекинмен кездесу өткізіп, онда Сандықтау-Новоникольское тас жолының учаскесінде атқарылып жатқан жол құрылыс жұмыстарының сапасы туралы мәселе көтерілді.
Жиын барысында аудан әкімі жол жамылғысының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, әсіресе, аудан тұрғындары үшін бұл бағыттың маңыздылығын ескерсек, анықталған ақауларға жол беруге болмайтынын баса айтты. Ол жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз ету мердігердің міндеті екенін еске салды.
Серік Құдабай кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін белгілеп, «Артисан» ЖШС-ін өз міндеттемелерін орындауға толық жауапкершілікпен қарауға шақырды. Барлық жөндеу жұмыстары техникалық нормалар мен стандарттарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс екені айтылды. Жөндеу үдерісіне мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.