Сандықтау ауданы әкімінің Қазақстан полициясы күнімен құттықтауы

Сандықтау ауданы әкімінің Қазақстан полициясы күнімен құттықтауы

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке-Қазақстан Полиция күнімен құттықтаймын!

Бұл күн заңдылықты, тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзететін батыл да адал адамдарға құрмет. Сіздердің адал еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен жоғары жауапкершіліктеріңіздің арқасында ауданымыздың тұрғындары әрқашан көмекке дайын екендеріңізді біле отырып, өздерін қауіпсіз сезіне алады.

Ұзақ жылғы еңбектеріңіз жас қызметкерлерге үлгі болған қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс. Сіздер Қазақстан полициясының беделі мен күшін нығайта отырып, өз білімдеріңізді, тәжірибелеріңізді және озық дәстүрлеріңізді жеткізесіздер.

Барлық полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, кәсіби табыс пен шыдамдылық тілеймін!

Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.