Әкімнің қабылдауында тұрғын үй және жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды

Әкімнің қабылдауында тұрғын үй және жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғыны тұрғын үй мәселесін шешуге, сондай-ақ «мейірбике ісі» мамандығы бойынша медициналық білімі бар туысын жұмысқа орналастыруға көмектесуін сұрады. Көтерілген мәселелерге қатысты өтініш берушіге жергілікті атқарушы органдар тарапынан ықтимал шешімдер ұсынылды.