Аудан әкімі кеңесшілермен кездесу өткізді

Аудан әкімі кеңесшілермен кездесу өткізді

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай қызметтің негізгі бағыттары бойынша кеңесшілермен кездесу өткізді.

Диалогқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құқық қорғау қызметі, туризм, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт салаларына жетекшілік ететін кеңесшілер қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар ағымдағы мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Аудан әкімі барлық бастамаларды мұқият тыңдап, одан әрі жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.

Кездесу соңында тараптар сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.