Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Омаров азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу, сондай-ақ тұрғын үй беру мәселелерімен жүгінді.
Барлық айтылған мәселелер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді.