
Зеренді ауданында Ақмола облысының оқушылары арасында «Алау» облыстық әскери-спорттық байқауы өтті. Сандықтау ауданының командасы жарысқа белсене қатысты. Команда құрамына Балкашино ауылының №1 және №2 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары кірді.
Байқау қорытындысы бойынша біздің балалар «Әскери-патриоттық ән байқауы» номинациясында 1-ші орынды иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!