
Сандықтау ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде гір спортынан ашық біріншілік өтті. Жарысқа Атбасар және Сандықтау аудандарының оқушылары қатысты.
Ұлдар қоссайыста, ал қыздар «итеру» және «серпіліс» жаттығуларында бақ сынасты.
Жарыс қатысушылардың дайындығының жоғары деңгейін көрсете отырып, табанды және адал еңбектерін көрсете білді.
Кудрявцев Артем, Барсуков Филипп, Қасымов Ильдар, Ковальчук Сергей, Ананьев Алексей, Успеньева Анастасия, Ли Руслана жеңімпаздар атанды.
Барлық жүлдегерлер мен Чемпиондар үздік нәтижелерімен жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға одан әрі табыс, рух күші және жаңа спорттық шыңдар тілейміз!