Аудан әкімінің Камен және Белгород ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесулері

Аудан әкімінің Камен және Белгород ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесулері

Халықпен тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Каменское және Белгородское ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Халықпен кездесу барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстар мен даму жоспарлары туралы есепті ақпаратпен сөз сөйледі. Сондай-ақ, тұрғындар алдында ауылдық округтердің әкімдері сөз сөйледі.

Ашық диалог аясында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, соның ішінде: тұрғын үйлерге орталықтандырылған сумен жабдықтауды жүргізу, Каменка ауылының кіреберісіндегі Шенцов көпірін жөндеу, Мәдениет үйін салу, дәрігерлік амбулаторияда зертханашының болмауы, кентішілік жолдарды төгу, сондай-ақ Белгородское ауылында көше жарығын орнату қажеттілігі туралы мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелердің әрқайсысына түсініктеме берді. Жекелеген мәселелер бойынша тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.