Қазандықты қайта құру барысы көшпелі кеңесте талқыланды

Қазандықты қайта құру барысы көшпелі кеңесте талқыланды

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаевтың төрағалығымен «Балкашино кентінде қазандық пен жылу желілерін салу және қайта жаңғырту» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Отырыс барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қатысты ағымдағы мәселелер қаралып, жедел жоюды талап ететін ескертулер айтылып, жобаны жүзеге асыруға қатысатын барлық тараптардың алдағы іс-әрекеттері келісілді.

Одан кейін, тараптар қазандық нысанындағы жұмыс барысымен танысты. Орындалатын жұмыстардың мерзімдері мен сапасына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға орындау мерзімдері көрсетілген нақты тапсырмалар берілді.