Сандықтау ауданының әкімі Васильев ауылдық округі мен Мәдениет ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Сандықтау ауданының әкімі Васильев ауылдық округі мен Мәдениет ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Васильевка ауылдық округі мен Мәдениет ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспарларын баяндап, сондай-ақ халық алдында есепті ақпаратпен ауылдық округтердің әкімдері сөз сөйледі.

Кездесу барысында тұрғындар шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Олардың ішінде Каменка - Васильевка автожолындағы шұңқырларды жөндеу, Васильевка ауылына кіре берісте жол белгісін орнату, Ұлан ауылында көше жарығын ұйымдастыру, Ұлан - Мариновка облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу, Мәдениет ауылында су құбыры желісін қалпына келтіру қажеттілігі бар мәселелер көтерілді.

Барлық айтылған сұрақтар бақылауға алынды.