Меню
Страницы

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құрметтеу рәсімі

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құрметтеу рәсімі

Аудандық Мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерін — Сандықтау ауданы аграрлық саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп жүрген, күн сайынғы жанқиярлығы мен кәсібилігін аямаған азаматтарды салтанатты түрде құрметтеу рәсімі өтті.

Аудан әкімі Серік Құдабай еңбек майталмандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауыр да, аса маңызды еңбегіне шынайы ризашылығын білдірді. Ол дәл ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегінің арқасында аудан агроөнеркәсіптік кешенде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімді сақтай отырып алға жылжып келе жатқанын атап өтті. Іс-шара аясында әкім үздік мамандарға көпжылдық еңбегі, адалдығы мен ісіне берілгендігі үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.

Мерекелік шараның ерекше қонағы — Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Асқарбек Үйсімбаев та қатысушыларды құттықтап, жер өңдеушілер мен мал шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбегі елдің әл-ауқатының барлық кезеңдерде негізі болып қала беретінін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «Каменка и Д» ЖШС басшысы Алексей Джейранов ерекше марапатқа ие болды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан елеулі, жеке үлесі үшін ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, рәсім барысында ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздік қызметкерлері де марапатталды. Оларға «Ақмола еңбек озаты» медалінің бірінші және үшінші дәрежелері, «Елеулі еңбегі үшін» медалі, «Еңбек даңқы» медалінің барлық үш дәрежесі, сондай-ақ 1 000 000 теңге мөлшерінде ақшалай сертификаттар табысталды. Бұл марапаттар олардың кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және Ақмола облысының ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесінің нәтижесі болды.

Салтанатты шара ауданның шығармашылық ұжымдары өнер көрсеткен мерекелік концертпен жалғасты.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты